Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімі болып Нұржан Әбдікәрімов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұржан Оразбекұлы 1971 жылы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Тарих және қоғам тану пәнінің мұғалімі» және 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы бұрынғы Семей облысы Таскескен ауданы Сегізбай ауылындағы Тасбұлақ орта мектебінің балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер болып бастады.
1991-1993 жылдары осы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болды.
1993-1994 жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі.
1994 жылдан 2007 жылға дейін Тасбұлақ орта мектебі директоры қызметін атқарған.
2007-2009 жылдары Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округіне қарасты Сегізбай ауылының әкімі болды.
2009-2013 жылдары Үржар ауданының білім бөлімінің басшысы.
2013-2017 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болды.