• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Маусым, 2021

ШҚО-да 20 жастағы жүргізуші ер адамды басып кетті

291 рет
көрсетілді

ШҚО облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 20 маусымда сағат 23:00 шамасында «ВАЗ-212014» автокөлігінің иесі 38 жастағы ер адамды басып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 жастағы жігіт Өскемен – Семей тасжолымен облыс орталығы бағытында келе жатып, Нұрлыкөш ауылының маңында ер адамды қағып кетті.

«Апат салдарынан ер адам жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.