• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2021

Мажарстан Қазақстанның вакцинациялау паспортын мойындаған ЕО-дағы алғашқы ел болды

331 рет
көрсетілді

Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы байланыстар министрлігінде Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мемлекеттік хатшының орынбасары Андраш Баранимен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы вакцинациялау сертификаттарын/паспорттарын өзара тану туралы вербалды ноталармен алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иммундау сертификаттарының болуы Covid-19 вирусының таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР тест және карантин) екі ел азаматтарының Қазақстан Республикасына және Мажарстанға кіруіне кепілдік береді. Өзара мойындау шекараларды ашу және Будапешт пен Нұр-сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын жандандыру бойынша алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.

Осылайша, Мажарстан Қазақстандық вакцинация сертификаттарын/паспорттарын мойындайтын Еуропалық Одақтың алғашқы елі болды.