• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Президент 22 Маусым, 2021

Президент субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

475 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарған қазақстандық студенті Құрмет грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты. Кейін әкімдік аталған оқиғанын мән- жайын түсіндірді.

Сонымен қатар, «Eco Almaty» ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова ол жерде «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.