• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2021

Қауіпті әрі жауапты қызмет

299 рет
көрсетілді

Отыз жылдық тарихы бар жасам­паз мемлекетіміздің құрылымында поли­цияның қызметі орасан зор.

Елі­міз­дің тыныштығын сақтау, аза­мат­тардың конституциялық құқық­тары мен бостандықтарын және мем­ле­кет пен қоғамның мүддесін қорғау жолын­­да­ғы тәртіп сақшыларының еңбек­терін екі ауыз сөзбен жеткізе алмасымыз анық.

Қазақстан полициясы өзінің құрыл­ған күнінен бастап қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету бойынша міндеттерін табыс­ты жүзеге асырып келеді. Бұл қызметтің қауіп пен қатерге толы екенін түсіну үшін бір ғана деректі келтіре кетейік. Тәуелсіздік жылдары қызметтік міндеттерін орындау кезінде 800 полиция қызметкері қаза тауып, 2 655 тәртіп сақшысы жарақаттанған. Әрдайым антына адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының әр күні тәуекелге толы екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Бүгін 23 маусым – кәсіби мереке күні полиция қызмет­керлерінің күнделікті тыныс-тіршілігінен хабар берер аға буын­ның ақ батасы мен осынау қырағы мамандықты таң­даған жастардың игі тілегін беруді жөн санадық. Тілек бір – полиция қатары міндетіне адал, абыройы биік, ер­лі­гі елеусіз қалмайтын білікті мамандармен көбейе берсін.