• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Парламент 23 Маусым, 2021

Нұрлыбек Ожаев Мәжіліс депутаты болды

531 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясының Саяси кеңес бюросының қаулысымен партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутатының мандаты мерзімінен бұрын шығарылған Қанат Мусиннің орны Нұрлыбек Ожаевқа тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлыбек Ожаев әр жылдары Атырау әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облысы Исатай ауданының әкімі, Атырау қаласының әкімі, Nur Otan партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланды. Оның Мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.