• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Маусым, 2021

Ұлыбритания екпе алғандарға саяхаттауға рұқсат берді

162 рет
көрсетілді

Ұлыбритания билігі коронавирусқа қарсы екпе салдырған тұрғындардың әлем бойынша саяхаттауына рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл азаматтарға Франция, Италия, Испания, Португалия, Греция және АҚШ сияқты мемлекеттерге баруға мүмкіндік береді.

Оның айтуына қарағанда, Үкімет вакцинация арқылы әлемнің кез келген елінде еркін жүру мүмкіндігін қалпына келтіруге септігін тигізетін жоспарларды іске асырмақ.

«Бұл шаралар клиникалық тұрғыдан әлі ұсынылған жоқ. Біз осы мәселелерді қазіргі таңда шешіп жатырмыз. Вакцинациялау бағдарламасының мақсаты да сол. Міне, сондықтан әрбір ересек адамның шығып, екпені алуы өте маңызды», деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар саяхатшыларға үйге оралғаннан кейін оқшауланудың қажеті де болмайды.