• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Маусым, 2021

Экономика министрі жақын арада таза қазақша сөйлеуге уәде берді

355 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте қазақ тілін қалай үйреніп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақ тілін үйренуге күніне 1,5 сағат уақыт жұмсаймын. Жақын арада таза қазақша сөйлеуге уәде беремін. Ұлттық экономика министрлігінде маған қазақ тілін үйрететін қызметкер бар», деді ең жас министр.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық экономика министрі болып Әсет Ерғалиев тағайындалды. Әсет Ерғалиев - Үкімет мүшелерінің арасындағы ең жасы. Ол 34 жасында министр болды.

3 ақпанда ведомство басшысы ретінде Мәжіліс отырысына алғаш рет қатысқан Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақша сұраққа орысша жауап бергені үшін депутаттан сөз естіді.

«Сіз бүгін алғаш рет Мәжіліске келіп тұрсыз. Бірақ қазақша қойылған сұрақтардың барлығына еш рұқсат сұрамастан орыс тілінде жауап беруге көштіңіз. 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз, жасыңыз да тәуелсіздікпен шамалас. Бірақ өз ана тіліңізде жауап бермегеніңіз ұят деп санаймын. Сондықтан келесі отырыста қазақ тілінде, ана тілінде қойылған сұраққа сол тілде жауап беріңіз», деп ескерту жасады Берік Дүйсенбинов.