• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Маусым, 2021

Ақтөбеде қылмыстық топ мүшелері сотталды

417 рет
көрсетілді

Статистика бойынша, әлемде 240 миллионнан астам адам құмар ойынға тәуелді екен. Цифрландыру жағдайында ойын бизнесінің жаңа түрлері пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 2014 жылдан бастап Ақтөбе қаласының аумағында құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

ҰҚТ мүшелері заңсыз баю мақсатында Ақтөбе қаласында электрондық казино қызметін заңсыз ұйымдастырған. Ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызмет Stavkabet.kz букмекерлік кеңселер желісі түрінде жасырынған.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен қылмыстық топтың 5 қатысушысы – 2 жылға, қалған 5 тұлға 6 жылға сотталды.

3,5 млн астам теңге және казиноның заңсыз ұйымдастыруға арналған 400-ден астам ойын терминалдары мен түрлі құрылғылар мемлекет кірісіне өтті.