Мұнайлы өңірде ақпаннан бері коранвирус инфекциясына қарсы вакцина алған адамдардың саны 75 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 1 ақпан-23 маусым аралығында 74 875 адам «Спутник V», «Qazvac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырыпты. Вакциналардың II компонентін 38 695 адам ектірген.
«Ал, 23 маусымда 1 433 адам вакцина алды. Екпе алғандардың арасында 71 медқызметкер, 82 педагог, 18 студент, арнайы мекеменің 8, құқық қорғау органдарының 13 өкілі бар. Сондай-ақ, 8 мемлекеттік қызметші, түрлі созылмалы ауруы бар 78 адам, 1 155 жергілікті тұрғынвакцина салдырды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.