• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Маусым, 2021

Елордада меморган қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмысқа көшіріледі

1272 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс түріне көшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа ереже Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысында жазылған.

«Өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс түріне көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады», делінген қаулыда.

Кейінгі 3-6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 27 маусымнан бастап карантин күшейтілмек.