• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2021

99 жастағы кейуана екпе алды

231 рет
көрсетілді

Өкінішке қарай, індеттің жылдам тарайтын тағы бір түрінің пайда болуы, мега­полистің эпидемиялық ахуа­лын өзгертті. Сондықтан әр­кім өзін сақтандыруы тиіс. Мысалы, №36 қалалық ем­хана­да 99 жастағы алтын құрсақты Батыр ана Зағиша Чалова екпе алды. 12 ба­ланың анасы, 15 неме­ренің әжесі ресей­лік Спутник V препаратын таң­дады.

«Бұл – менің жеке шешімім. Бұл індет мені де, туыстарымды да айналып өтсе деймін. Балаларымның барлығы екпе алып қойған. Қазір өзімді жақсы сезінемін, ешқандай жайсыздық болған жоқ. Өзімді нашар сезінген жоқпын, әрі қарай да осылай болады деп үміттенемін», дейді әжеміз.

Екпе науқаны басталғаннан бері Наурызбай ауданында 27 мыңнан аса адам екпе салдырса, оның 40%-ы №36 қалалық емханада алған.

Аудан бойынша екпе алғандар­дың арасында вакцинадан соң еш асқынулар орын алмаған.

«Елді мекенде вакцина алғысы келетіндердің саны көбейіп жатыр. Әр азамат бекітілген жеріне қарамастан қаладағы қалаған емханада вакцина ала алады. Күнделікті біздің емханаға коронавирус инфекциясынан вакцина алуға 150-200 шақты адам келеді», дейді №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген.

 

АЛМАТЫ