Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар арасында волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауын өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 2 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Байқау аясында волонтерлық бастамаларын жүзеге асырғысы келетін 20 жас анықталады. Оларға 300 мың теңге көлемінде шағын грант беріледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы волонтерлық бастамаларды қолға алып жүрген белсенді жастарды анықтау.
Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық әлеуметтік мәселесін шешуге арналған, сондай-ақ инновация, ғылым, спорт т.б. бағыттар бойынша қабылданатын болады.