• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Маусым, 2021

Павлодарда жүргізуші скутердегі жасөспірімді қағып кетті

108 рет
көрсетілді

Павлодар маңында жүргізуші скутердегі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 22:10-да Павлодар ауылында Торговая және Степная көшелерінің қиылысында «Дэу Матиз» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі скутермен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.