• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Маусым, 2021

Ауғанстанда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

281 рет
көрсетілді

Жер сілкінісі жұма күні таңертең Кабулда және Ауғанстанның бірнеше қаласында тіркелді. Бұл туралы Иранның IRNA агенттігі Ауғанстанның табиғи ресурстар жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстандағы апаттан құтқару қызметі өз кезегінде жер сілкінісінің эпицентрі елдің солтүстік-шығысындағы Гиндукуш тау жүйесінде және эпицентрі 18,6 км тереңдікте болғанын хабарлады. 

Сейсмикалық сілкіністер астанадан басқа Паруан провинциясының әкімшілік орталығы Чарикар қаласында және басқа бірнеше қалаларда сезілді. 

Құрбандар мен қираған нысандар туралы ақпарат әлі хабарланған жоқ.