• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Маусым, 2021

Қазақстан вакциналау бойынша 42-орында тұр

184 рет
көрсетілді

Our World in data ғаламдық деректерінің ғылыми онлайн-басылымы әлем елдерінің халықты вакциналау деңгейі туралы кезекті рейтинг жариялады. Қазақстан жаңа рейтингте 18 орынға алға жылжыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдегі вакцинанын екі компонентін де толық алған тұрғындардың үлесі сәуір айының соңында 9,4% болған. Санмен алсақ, бұл 1,79 млн адам деген сөз.

Науқан басталғаннан бері әрбір оныншы қазақстандық вацина алып үлгерген.

21-24 маусымдағы мәліметтер бойынша вакциналау науқанының абсолютті көшбасшысы Қытай болып отыр. Мұнда вакцинаны 223 миллионнан астам адам алған. Бірақ халықтың жалпы санына шақса, бұл ел азаматтарының тек 15%-ы ғана.

Көшбасшылар үштігінде АҚШ бар. Бұл елде вакцина алғандар саны 150 миллионнан асады. Үшінші орында Үндістан тұр. Бұл мемлекетте 51 миллионнан астам азамат немесе халықтың 3,7%-ы екпе алған.