• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Маусым, 2021

«Алматы жастары» бағдарламасы: Биыл 900-ге жуық пәтер беріледі

287 рет
көрсетілді

Жыл соңына дейін Алматы қаласында 2 млн 604 мың шаршы метр баспананы қолданысқа беру жоспарланған. Бұл турал қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл соңына дейін біз 2 миллион 604 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен – 248,5 мың шаршы метр немесе 3266 пәтер үлестірілмек. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 800-ден астам алматылықты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген «Шаңырақ» пилоттық жобасы іске қосылды», деді қала әкімі.

Шаһар басшысы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін тағы 884 пәтер берілетінін мәлім етті. «2020 жылдан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1 мың жас қамтылады. Бүгінде тұрғын үйді бөлу тәсілдері қайта қаралды. Жыл басынан бері 116 жас отбасы баспаналы болды», деді әкім.