• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2021

БАҚ өкілдері QazTehna зауытына барды

561 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысының Саран қаласындағы QazTehna автобус зауытына республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақындакәсіпорында CKD шағын торапты өндірісі іскеқосылды. Бұл торап зауытта бар болғаны жарты жыл ішінде пайда болды. Бұрын мұнда тек ірі торапты өндіріс қолданылған болатын.

Пресс-тур жаңа бояу, дәнекерлеу, құрастыру цехтары және сынау учаскесі бойынша жүргізілді.

Жоба жолаушылар техникасының әлемдік көшбасшысы Yutong Group компаниясымен бірлесіп, іске асырылды. Оныңөнімдері 30-дан астам елге кеңінен ұсынылды. Компанияның жалпы өндірістік аумағы 3,5 млн шаршы метрді құрайды, күніне 445 бірлік автобус пен 375 бірлік электробус шығарылады. 

26 мың шаршы метр аумақты алып жатқан қазақстандық зауыттың 1200 бірлік автобус шығаратын мүмкіндігі бар. Оның ашылуы 1000 жаңа жұмыс орындарының пайда болуына себеп болды.

 Айта кетейік, QazTehna зауыты Саран қаласын қалпына келтіретін алғашқы өнеркәсіптік нысан болып табылады. Өндіріске тікелей және тартылған инвестиция көлемі 23 миллиард теңгені құрады.