• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2021

Биыл Ақтөбе облысында үйірлі шегірткелер 70,39 мың гектарға таралуы мүмкін

330 рет
көрсетілді

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің ақпараты бойынша, биыл Ақтөбе облысында үйірлі шегірткелер 70,39 мың гектарға таралуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Басқұдық, Жабасақ, Сарат, Ақтасты, Ақкөл және Құмкұдық ауылдық округтерінің аумағында шегірткенің италиялық прус түрімен күрес бойынша фитосанитариялық қорғау шаралары жалғасуда. Бұл жұмыстарға 9 бірлік техника, оның ішінде екі газ генераторы, бір ұшақ және 6 жерүсті бүріккіштері жұмылдырылды. Өңдеу уақтылы, ғылыми негізделген мерзімде басталды», деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінен.

Мамандар химиялық өңдеудің максималды тиімділігін қамтамасыз ету үшін шегірткелер белсенді емес күйде болған кезде кешкі және таңертеңгі уақытта жүргізілетінін айтады.

Сондай-ақ, комитет инсектицидтердің барлық қажетті көлемі аймаққа уақтылы жеткізілгенін, химиялық өңдеу қызметтерін атқаратындармен алдын ала келісімшарттар жасалғанын атап өтті. Әйтеке би ауданының аумағында «Энжио», «Локустин», «Зеленый Барьер», «Гринголд», «Вантэкс» және «Ципрофен»препараттарымен өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің ақпараты бойынша, биыл Ақтөбе облысында үйірлі шегірткелер 70,39 мың гектарға таралуы мүмкін деген болжам бар. Ал жалпы республика бойынша зиянкестер 640 мың гектардан астам алаңға таралуы мүмкіндігі болжануда.

«Пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтері барлық болжамды алаңға сатып алынды. Сонымен қатар, 223 мың гектарға жететін пестицид қоры бар.

Үйірлі шегірткелерді тиімді өңдеу үшін пестицидтердің түрлі топтарының препараттары сатып алынды. Бұл бағыт бойынша облыс әкімдіктерімен бірлесе жұмыс істеу жүйесі әзірленді. Қазіргі уақытта облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылды. Сондай-ақ мониторинг және химиялық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспарлары бекітілді», деп қосты комитеттен.

Мәліметке сүйенсек, үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін 38,4 млн гектар жер зерттеледі. Бұл жұмысты жүргізу үшін 524 автокөлік пен 1230 тексеруші тартылады.

«Республиканың Түркістан және Жамбыл облыстарында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталды. Ал, Ақтөбе облысында италиялық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Үйірлі шегірткеге қарсы күрес бойынша жағдай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында», деді ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінен.