• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Маусым, 2021

Ж.Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

555 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы карантин шектеуін күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мейрамхана, кафе және кофехана түріндегі қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайдың ішінде жұмыс күндері 7.00 ден 20.00 дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі жұмысына тыйым салынады, тек қана алып шығу және жеткізуге рұқсат беріледі;

Жазғы алаңдар, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00 ден 22.00 дейін жұмыс істеуіне рұқсат;

Сән орталықтары мен салондары, шаштараз, косметология қызметін көрсететін маникюр мен педикюр қызметтері алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетуіне рұқсат;

Сауналар, СПА орталықтары, бассейндер, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары және йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтары сенбі, жексенбі күні жұмыс істемейді;

ХҚКО сағат 9.00 ден 18.00-ге дейінгі уақыт бойынша шектеумен, қонақ үйлер, санаторий-курорт ұйымдары, демалыс үйлері/туристтік базалар және т. б. толтырылуы 80%-дан аспайтын кезде рұқсат;

Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері 9.00 ден 18.00-ге дейін уақыт бойынша шектеумен жұмыс істейді;

Сонымен қатар:

– Сауда үйлері, сауда желілері вакцинация пунктінің бар-жоғына қарамастан жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күндері тыйым салынады);

– Үй-жайдағы ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар (той, мерей-той, ас беруді өткізу) тыйым салынады;

– Түнгі және ойын клубтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

– Ashyq жобасына қатыспайтын нысанда көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

– Ashyq жобасына қатыспайтын мәдени объектілердің, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне рұқсат жоқ:

Қаулы 28 маусымда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.