М.Карими Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастика бойынша әлем кубогі кезеңінде қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы гимнастикалық керме бойынша жаттығуды сәтті орындап, үздік үштік қатарынан көрінді. Аталған санатта кипрлік Мариос Гиоргиу топ жарса, бразилиялық Артур Мариано екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Милад Карими қол тіреп секіруде – жетінші, ал қоссырық бойынша жаттығуда төртінші болды.