• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Маусым, 2021

Тбилисиде су добынан жарыс өтуде

306 рет
көрсетілді

Бұл күндері Грузияның бас шаһары – Тбилисиде су добынан ерлер арасындағы әлемдік лиганың суперфиналдық сайыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы жарыстағы тұсаукесер кездесуін Қазақстан құрамасы Италияға қарсы өткізді. Олимпия ойындары мен Еуропа біріншілігінде үш рет бас жүлдені олжалап, әлем чемпионатында төрт мәрте топ жарған әйгілі командаға жерлестеріміз айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Алғашқы минуттардан тізгінді қолға алған Апеннин түбегінің түлектері қорытынды есепте 17:11 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін отандастарымыз Францияның ватерполшыларымен шеберлік байқасты. Бұл кездесуде біздің жігіттер небары бір доп айырмашылығымен жеңіліп қалды – 11:12.