ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрметті әріптестер, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – тек қалам ұстаған журналистердің ғана емес, ақпарат саласында жүрген барлық қызметкерге ортақ мейрам.
Бұқаралық ақпарат құралдары – мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттардың бірі. Себебі медиа тек ресми ақпарат таратудың құралы емес. Ол – ұлттық қауіпсіздік пен идеологияның да өзегі. Мемлекет саясатын түсіндіруде халық пен билік арасын жалғайтын алтын көпір. Сондықтан журналистердің қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі өте жоғары.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде ұлттық медиа елімізбен бірге жаңару мен дамудың биік белестерінен өтті. Ақпарат саласының мемлекеттік басқару процесіне ықпалы артып келеді. Баспасөзде сауатты көтерілген мәселелер мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіруге септігін тигізіп жүр. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нәтижелі іске асуында да журналистердің үлесі зор.
Әрбір журналистің бүгінгі күнделікті еңбегі арқылы мемлекетіміздің ертеңгі тарихы жазылып жатыр. Сондықтан ақпарат саласын жаңа деңгейге көтеріп, биік талғамды қоғам қалыптастырудағы еңбектеріңіз жана берсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шалқар шабыт пен толайым табыс тілеймін!
Аида БАЛАЕВА,Ақпарат және қоғамдық даму министрі