Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында жартас опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өскемен-Алтай» тасжолындағы жартастың опырылып түскені түсірілген видео интернетте тарап кетті.
Оқиға салдарынан жолдың жарты бөлігі жабылып қалған. Көліктер амалсыздан қарсы бағытпен жүруге мәжбүр болған.
«ҚазАвтоЖол» мекемесінің қызметкерлері аталған жолды тазартты.