Елордадағы LRT құрылысының алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мердігер «CRAEG» қытайлық консорциумы қазіргі уақытта келісім-шарттық міндеттемелер шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Пандемияға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі түзетілді. Өйткені оған дейін қытай мамандары елімізге кіре алмаған еді», деп жазылған компанияның мәліметінде.