• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда қала күнін тойлауға шектеулер енгізіледі

362 рет
көрсетілді

Елордада қосымша қатаң іс-шаралар енгізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы апта алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастану деңгейінің 65 пайызға немесе 1400 жағдайға өсуіне байланысты және эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, қосымша қатаң іс-шаралар енгізілетін болады», деді санитар дәрігер.

Оның айтуынша, елорда аумағында саябақтардағы ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қала күнін атап өтуге де шектеулер енгізіледі. Бұл ретте іс-шаралар онлайн форматта және ашық ауада Ашық жобасы арқылы ғана жүргізіледі. Көрермендердің қатысымен концерттік іс-шаралар да өткізуге болмайды.

«Ірі спорт кешендерінде көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге, экскурсиялық турлар ұйымдастыруға тыйым салынады. Білім беру орталықтардында білім алушылардың саны 15-тен 10 адамға дейін қысқартылады және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салындады», деді Сархат Бейсенова.