• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экология 28 Маусым, 2021

Балық шаруашылығын дамытудың бағдарламасы бекітілді

594 рет
көрсетілді

Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарламада қолда бар әлеуетті ескере отырып, өсірілген балық көлемін 30 есеге, 2030 жылға қарай жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Бұл балық өсіруге жарамды су айдындарын пайдалану, сондай-ақ жаңа инвестициялық индустриялық балық өсіру жобаларын іске асыру және жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарды жобалық қуатына дейін жеткізу есебінен жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов мәлімдеді.

«2030 жылға дейін 1283 жаңа балық өсіру шаруашылығы құрылады және жұмыс істеп тұрған 288 шаруашылықты өсіру көлемі ұлғайтылады. Жобалар әр өңірдің ерекшеліктеріне қарай бөлінді және жергілікті атқарушы органдар бекіткен балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларында көрсетілді. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 10 жыл ішінде 340 млрд теңге жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік бюджеттен шамамен 200 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», деді спикер. 

Оның айуынша, 2021 жылы жұмыс істеп тұрған балық өсіру шаруашылықтары есебінен 12,8 мың тонна балық өсіру күтілуде. Жыл басынан бері 7,6 мың тонна тауарлы балық өсірілді.