• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2021

Алматы ауруханаларындағы төсек-орын 10 мыңға дейін ұлғайтылуы мүмкін

220 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус бойынша бірнеше сценарий әзірледі. Жағдай ушығатын болса, стационарлардағы төсек 10 мыңға дейін ұлғайтылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Нариман Табынбаев мәлім етті

«Коронавирустың төртінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Біз 3 түрлі сценарий әзірледік. Біріншісі, ол бір тәулікте 400 -ден 800-ге дейін жағдай тіркелетін болса, оның ішінде 450 науқас ауруханаға түссе, онда төсек-орын санын 3700 дейін көбейтеміз. Оған 4460 медицина қызметкері жұмылдырылады. Екіншісі, яғни бір тәулікте 1200-1500 коронавирус жағдайы анықталса, онда төсек-орын 7 мыңға дейін ұлғайтылады.

Медицина мамандарының саны алты мыңнан асатын болады. Үшінші сатысы, жағдай күрделенетін болса, онда стационарлардағы төсек орынды 10 мыңға дейін жеткіземіз», деді басқарма басшысы.