Әзербайжан Республикасында үш тілде хабар таратып отырған халықаралық «CBC» телеарнасы бүгін бауырлас Қазақстан туралы арнайы хабар ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хабарды дайындаған журналист Мехрибан Касумова Қазақстанда туып-өсіп, кейін тарихи отанына оралған әзербайжан ұлтының азаматшасы.
Ол екі мемлекет арасын экономикалық байланыстар ғана емес, ел басына күн туған тұста қол ұшын созуға даяр тұрар бауырластықтың берік екендігін айтады. Сондай-ақ журналист Мехрибан Касумова Кеңес заманында Қазақстанға келген аталарының қазақ ұлтынан қандай қамқорлық көргенінен бастап, кешегі Қарабақтағы қақтығысқа дейінгі аралықтағы Қазақстанның Әзірбайжан еліне деген қолдауын ерекше атап өткен.