• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Маусым, 2021

Үш жылда – бір миллиард ағаш

160 рет
көрсетілді

Украина президенті Владимир Зеленский өткен айда елде үш жыл ішінде бір миллиард ағаш отырғызылып, онжылдықта миллион гектар жер орманға айналатынын мәлімдеген еді.

Украинаның жасыл желекті елге айналамыз деген бұл ниеті сұрақ туындата бастады. Өйткені ЕО-ға мүше 27 мемлекет әлдеқайда қарапайым мақсат қойған. Олар 2030 жылға қарай кемінде үш миллиард жаңа ағаш отырғызамыз деп отыр. Сарапшылар Украинаның бұл шешімі елдің қоршаған ортасын жақсартып қана қоймай, биоалуантүрлілік пен табиғи экожүйеге зиян­ды әсер етуі мүмкін деп қорқады. Украина жерінің 70 пайызы ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылады, бұл – Еуропадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі және өткеннен, ұжымдық ауыл шаруашылығы қалдырған мұра. «Украина аумағының шамамен 40 пайызы далалық климаттық аймаққа жатады, бірақ елдің тек 3 пайызы ғана табиғи дала экожүйесінің бай флорасын сақтап қалған», дейді украиналық табиғатты қор­ғау тобының белсендісі Алексей Васильюк.Ол дала карталарын жасауға және оның флорасын жіктеуге көп жылдар жұмсады. «Украина даласында кездесетін өсімдіктер көп, олар өз табиғи ортасынан бөлек жерде жойылып кетуі мүмкін», дейді А.Васильюк. Үкімет ағашты пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында отырғызамыз деген. Сарапшы Украинаның көп даласы заң бойынша тозған ауыл шаруашылығы жерлері болып есептелетінін айтады. Ол егер Үкімет басқа ауыл шаруашылығы жерлерін сақтап қалуды жоспарлап отырса, онда бір миллиард ағаш қайда кетеді деген сұрақ туындайтынын алға тартты. Мамандар бір миллиард ағаш қоршаған ортаға қалай әсер ететіні түсініксіз деп отыр.