• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Маусым, 2021

Індет қайта өрши бастады

234 рет
көрсетілді

«Дельта» штамы Алматыдағы эпидемиялық ахуалды күрт өзгеріске ұшыратып, індет қайта өрши бастады. Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин маусым айында қалада 4 мыңдай адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындарды айнала­мыздағы адамдардың аманды­ғына жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр. Қазір маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақ­тау, қолды жиі жуу мен вакцина алу санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.«Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 55 101 жағдайы анық­талды. Ал маусым айында 3 889 жағдайы тіркелді. Өткен ап­тада коронавирус дерті 742-ден 1 237-ге дейін 1,7 есеге өсті. Соңғы тәулікте, 28 маусымдағы мәліметке сәйкес КВИ-дің 215 жағ­дайы тіркелді», деді Ж.БекшинОның айтуынша, Алматыдағы эпидемиялық жағдай контагиоз­ды мутацияланған «Дельта» шта­м­ының таралуына байланыс­ты ушыға бастаған.Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ-мен ауыратындардың үлес салмағы 32%-дан 53%-ға дейін артты, бұл Сovid-19 «Дельта» штамының тез тарайтынын көрсетті.«Вирус жұқтырғандар саны­ның күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерт­теу жүргіздік. Нәтижесінде, КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77-сі «Альфа», бри­тандық штамдар, 46 үлгіде «Үнді» штамдары анықталды. Сонымен қатар екі «гамма», оңтүстік африкалық пен бір Нью-Йорк, «Бетта» штамы тіркелді. Жалпы эпидемиялық жағдайдың күрделенуі «Альфа» штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «Дельта» штамы салдарынан болып отыр», деді Ж.Бекшин.Алматы қаласының бас сани­тарлық дәрігері қабылданған шектеу шараларын міндетті түрде орындау қажеттігін айтты. Жалпы дертті жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцина алу мен санитарлық нормаларды сақтау.