• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2021

Тайсойған – тәртіпті ауыл

889 рет
көрсетілді

Қызылқоға ауданында Тай­сойған деп аталатын ауыл бар. Еліміз тәуелсіздік алғаннан ке­йін мұнда ауылдық округ құрылды. Қазір ауылдағы 134 отбасыда 877 тұрғын бар. Сондай-ақ 4 кәсіпкерлік нысан мен 47 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Бұл ауылдың өзге елді мекен­дерден айырма­шылығы ­жоқ. Бірақ өзгелерге үлгі ету­ге болатын­дай жөні бар. Өйт­ке­ні ауыл тұрғындарының айтуын­­ша, учаскелік полиция инс­пекторлығына полиция капи­таны Ғаламат Алданбаев таға­йын­далғалы бірде-бір бұзақылық орын алмаған. Өзге де қылмыс тіркелмеген. – Ауылымыз шағын, тұр­ғын­дар бірін-бірі жақсы біледі. Мұн­да әлеуметтік жағдайы өте тө­мен отбасылар жоқ. Тіпті от­ба­сылық кикілжің де болған емес. Былтыр ауылымызға қыз­метке келген учаскелік полицей тұрғындармен тіл табыса алады. Әр үйді күнделікті аралайды. Тұрғындардың жағдайын біліп тұрады. Қазір ауылымызда бұза­қылық сап тыйылды, – дейді Тайсойған ауылдық ақсақал­дар кеңесінің төрағасы Түзенбай Өрбісінов. Учаскелік полиция инс­пек­­­торы, полиция капита­ны Ға­­ла­­мат Алданбаев Тайсой­ған­­да был­тырдан бері қыз­мет ат­қа­рады. Ол 2015 жы­лы Қы­зыл­қо­ға аудан­дық жергі­лік­ті по­ли­ция қызметі бөлім­ше­сіне учас­­келік поли­ция инс­пек­­то­ры­ның көмекшісі болып жұ­мысқа қа­былданыпты. Со­дан бері алыс аудан­дағы қо­ғам­дық тәртіптің сақ­шысы ре­тін­де тәжірибе жинады. Тай­­сой­ған­ға келгенге де­йін­гі қыз­мет­ін Тас­шағыл ауы­лында атқарған. – Тайсойған ауылында жағ­дай тұрақты. Қыл­мыстық оқи­ғалар тіркелген жоқ. Бұл ауыл­да бұрын сотталғандар, не по­ли­цияның профилактикалық бақы­лау есебіне алынған адамдар тұр­майды. Ауыл тұрғындары­мен кері байланыс орнату үшін WhatsApp желісінде арнайы чат аштым. Сол ар­қылы тұр­ғын­­­дармен үнемі байланыс жа­­саймын. Міндетім – құқық бұ­зу­­шылық пен қылмысты бол­дырмау, алдын алу. Осы мақ­­сат үшін қызмет ете беремін, – дей­ді поли­ция капитаны Ғ.Ал­данбаев.Ауыл тұрғындарының бі­рі Шалқарбай Ізбаса­ровтың айтуын­­ша, Тайсойған – әуелден ын­­тымағы жарасқан, бірлігі бе­кем, тыныштықты ту еткен бере­келі мекен. Соның нәтижесінде тұрғындары тату, ал ауыл іші күндіз де, түнде де тыныш. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауын­да «Полиция халыққа жақын, ашық болуы керек» деп қадап айтты. Әсіресе, учаскелік инс­пекторлардың мәртебесін кө­теруді тапсырды. Осы орайда Қызылқоға ауданының Тай­сойған ауылдық округіндегі учас­келік бекеттің жұмысын өзге аудандар мен әкімшілік аумақ­тарға үлгі етуді көздеп отыр­мыз. Біздің мақсатымыз – ха­лықтың полицияға сенімін арт­тыру. Өйткені полиция қыз­мет­керлерінің жұмысына ба­ғаны тұрғындар береді, – дей­ді облыстық полиция депар­таментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Атырау облысы