• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 29 Маусым, 2021

Таңбалауды енгізу кейінге шегерілді

265 рет
көрсетілді

Осы жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда аяқкиімді міндетті цифрлық таңбалау енгізілуге тиіс еді. Алайда оның уақыты 1 қа­рашаға шегеріліп отыр. Сала өкілдерімен болған кеңестің қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.

Осылайша, 2021 жылғы 1 қа­рашадан бастап таңбаланбаған аяқ­киімді өндіруге және ел аума­­ғына әкелуге тыйым салы­нады. Ал бөлшек сауда өкіл­дері таңба­лан­баған тауар қал­дықтарын 2022 жыл­дың 1 қара­шасына дейін сатып үлгеруі керек. Жоғарыда айтқанымыздай, аяқкиімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылдың шіл­де­сінде енгізіледі деп жос­пар­ланған. Алайда импорт­таушылардың көбі күз-қыс мау­сымына ар­налған тауарларға шетелдік өндірушілерден алдын ала жарты жылға ертерек тапсырыс береді. Сондықтан көктемде тапсырыс берілген таңбаланбаған аяқкиімдер 1 шілдеге дейін Қазақстан шекарасынан өтпей қалу мүмкін деген қауіп туындаған еді.– Енді нарықта жаңа нор­маларға мұқият дайындалу үшін тағы бес ай және таң­баланбаған тауарлардың қал­дық­тарын сату үшін бір жылдан астам уақыт бар. Бизнес үшін тәулік бойы цифрлық таң­балау бойынша жедел желі жұмыс істейді. Цифрлық эконо­миканы дамыту орталығы үнемі мамандандырылған ве­би­нарлар өткізеді, сала өкіл­деріне жеке кеңестер береді. Аяқкиімді цифрлық таң­ба­лау туралы пайдалы ақ­парат markirovka.kz пор­талында бар. Сондықтан әрбір кәсіп­кер­дің нарықтағы жұмыс­тың жаңа ережелеріне мұқият дайын­далу мүмкіндігі мен уақы­ты жет­кілікті, – дейді Цифр­лық эко­номиканы дамыту орта­лы­ғының бас директоры Би­кеш Құрманғалиева.Міндетті цифрлық таңба­лауды енгізуге кеден қоймалары да дайындалуда. Қойма аума­ғында кедендік рәсімдер ке­зінде шетелдік зауыттарда таң­баланбаған тауарға Data Matrix цифрлық коды бар стикерлер немесе этикеткалар орнатылады.Естеріңізге сала кетейік, тауарларды цифрлық таңбалау – ЕАЭО деңгейінде жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба. Аяқ­киім саласы елімізде міндетті цифрлық таңбалау енгізілетін ал­ғашқы салалардың бірі. Мұн­дай шешім нарықтағы кон­тра­факті деңгейін ескере отырып қабылданды. Мемлекеттік кіріс­тер комитетінің дерегінше, аяқкиімнің «көлеңкелі» нарығы жалпы көлемнің шамамен 48,5 пайызына тең. Аяқкиімнің цифр­­лық таңбалануы нарық­ты «ағартуға» және оны кон­трафактіден тазартуға ық­пал етеді. Сонымен қатар атал­ған шара қоғамдық бақы­лау­ды кү­шейтуге мүмкіндік береді. Naqty Onim мобильді қосымшасы ар­қы­лы тұ­тынушылар таңбаланған тауар­дың түпнұсқалығын оңай тексере алады.