• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Маусым, 2021

Елорда әкімі үнділік штамға байланысты аурудың күрт өскенін айтты

231 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов вакцина алуға ниетті тұрғындардың саны күрт артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде вакцина алуға ниет білдіргендердің саны 5 есеге артты. Егер мамыр айының ортасында күніне 1000-1500 адам вакцина алса, маусым айының қазіргі күндері 7 мыңнан астам адам егілуде. Стационларларда дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жеткілікті қоры қалыптастырылған», деді әкім Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол қалада сырқаттану деңгейінің өсуін вирустың «дельта» штамының тіркелуімен байланыстырды.

«COVID-19 індетін жұқтырған адамдардың саны мамыр айында 10 мыңнан асқан болса, маусым айының басында біршама тұрақталып, 2 мың жағдайға дейін азайған болатын. Алайда маусым айының ортасынан бастап вирустың «дельта» штамының анықталуына байланысты аурудың күрт өсуі байқалды», деді Алтай Көлгінов.