• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Бокс 29 Маусым, 2021

Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде Головкинге жетіп алды

1623 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін BoxRec-тің P4P рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жекпе-жек өткен демалыста Лас-Вегас қаласында болды. Жәнібек алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундтан кейін америкалықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осыдан кейін Әлімханұлы BoxRec-тің P4P рейтингінде қазақстандық боксшылар арасында екінші орынға көтерілді, ал тізімде бірінші Геннадий Головкин тұр (41-1-1, 36 КО).

Сонымен қоса қазақстандық боксшылардың P4P рейтингіндегі топ-5 тізімде Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО), Қанат Ислам (28-0, 22 КО) және Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) бар.