• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Маусым, 2021

«Еңбек-Атыраудың» іздеуде жүрген бұрынғы басшысы ұсталды

440 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Қазақстан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» РМК құрылымына кіретін «Еңбек-Атырау» бөлімшесінің бұрынғы басшысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау қаласында бұрын іздеуде жүрген кәсіпорын директоры ұсталды. Қазір ол Атырау тергеу изоляторында қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

2020 жылғы маусымда Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Атырау» бөлімшесінің басшысына және басқа да тұлғаларға қатысты қосалқы мердігерлермен шарт жасасу кезінде пара алу дерегі бойынша ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігімен «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша бірнеше рет пара алу» соталды тергеуді бастаған.

Кейін айыптауға ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі «Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамның алдын ала сөз байласуы бойынша топтың жымқыру» қосылған.

«Еңбек-Атырау» Атыраудағы тоғыз субұрқақ құрылысы жобасының мердігері болған. Құны бір миллиард теңгеге жуық жоба мердігердің бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаннан кейін тоқтатылды.

Сонымен қатар 2019 жылы «Еңбек-Атырау» құны 354 миллион теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйлердегі 50 ауланы жарықтандыру бойынша тендерді жеңіп алған.

Кейін Атыраудағы үйлердің бірінің ауласында сегіз жасар баланы ток соғып, «Еңбек-Атырау» орнатқан бүкіл көше шамына электр беру тоқтатылған.