Бір жыл ішінде халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығыны 6% өсті, деп хабарлайды Egemen.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың азық-түлік тауарларына жұмсайтын шығындары жан басына шаққанда 96,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% көп.
Аймақтық тұрғыдан алғанда Алматы қаласының тұрғындары өте көп шығынданған: 127,2 мың теңге. Тұрғындары азық-түлікке көп ақша жұмсайтын үш өңір қатарына Павлодар облысы (117,1 мың теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (116,5 мың теңге) кірді. Ал Шымкентте азық-түлік тауарларына ең аз ақша жұмсалған: 72,1 мың теңге.
Сектордағы шығындардың көп бөлігі азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған: 90,2 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 5,5% артық. Темекі өнімдеріне жұмсалатын шығын 2,6 мың теңгені құрады, 2,4 мың теңге үйден тыс жерде тамақтануға кеткен.
Алкогольді ішімдіктерге жұмсалатын шығындар 14,4%-ке, нақтырақ айтқанда 1,3 мың теңгеге дейін төмендеді.