• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2021

Алматы көшесінде бір адамды өлтіріп кетті

566 рет
көрсетілді

Алматының Түрксіб ауданында бір адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті ізін суытпай, бірден ұсталды. Полиция анықтағандай, шабуыл жасаған адам мас болып шықты.

Ұсталған адамның айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді.

MegaPolice_NEWS телеграмм-арнасының хабарлауынша, қылмысқа күдікті мен куәгерлер жедел-іздестіру шаралары үшін полиция бөліміне жеткізілген. Арнайы топ оқиға болған жерден қару тауып, оны сараптамаға жіберген.