• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Күрес 29 Маусым, 2021

Биылғы «Қазақстан барысы» турнирі көрерменсіз өтеді

727 рет
көрсетілді

«Қазақстан барысы» республикалық турнирі көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осыған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің келісімімен 20 пайыз көрерменге рұқсат алған болатынбыз. Алайда, дәл бүгінгі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына, сондай-ақ елорданың «қызыл аймақта» болуына байланысты турнирге көрермен кіре алмайтынын хабарлаймыз», дейді  Қазақ күресін қолдау және дамыту қоры.

Турнир Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.