• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Маусым, 2021

Ұлт жоспарының орындалу барысы қаралды

143 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Онда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орындалу барысы қаралды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Атқарылып жатқан жұ­мыс­тар туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Қаржы министрі Ер­ұлан Жамаубаев, Білім және ғы­лым министрі Асхат Аймағам­бе­тов, Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев, Экология, геоло­гия жә­не табиғи ресурстар вице-ми­нис­трі Ахметжан Пі­рім­құлов баян­дады.Қазіргі таңда Ұлт жос­па­рының 100 қадамының 72-сі іске асырылды: «Кәсіби мем­ле­кеттік аппаратты қалып­тастыру» бағыты бо­йынша 15 қадамның 13-і, «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша барлық 19 қа­дам, «Индустрияландыру және эко­но­микалық өсім» бо­йынша 50 қа­дамның 27-і, «Бі­регейлік және бірлік» бағыты бойынша 6 қа­дамның 3-еуі, «Есеп беретін мем­ле­кетті қа­лыптастыру» бағыты бойынша барлық 10 қадам орындалды.Биыл «Кәсіби мемлекеттік ап­­паратты қалыптастыру» және «Индустрияландыру мен эконо­микалық өсім» бағыт­тары бойынша 9 қадамды орын­дау көзделген.Отырыста мемлекеттік қыз­мет­ші­лерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу, мектеп­те оқыту стан­дарттарын жаңар­ту және функ­ционалдық сауат­тылықты дамыту, эконо­ми­каның энергия тиім­ділігін арттыру, жер қой­науын пайдалану саласының ашық­тығы мен болжамдылығын арт­тыру, ауыл шаруашылығында су шы­­ғынын азайту, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындауды, оның ішінде цифр­ландыру арқылы жеңілдету мәселелері қаралды.Жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сервисті же­тілдіру және транзиттік тасымал­дар жылдамдығын арт­тыру ар­қылы көлік-тран­зиттік сектордың бәсекеге қа­бі­леттілігін арттыру жөніндегі жұмыстардың барысы талқы­ланды.Премьер-Министр Тұң­ғыш Президент – Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Бес инс­титуттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жол­дауын толық әрі сапалы орын­дау бойынша белсенді жұ­мыс­ты жалғастыруды тапсырды.Экономиканың басым сек­тор­ларындағы жаңа ірі жо­ба­ларға стра­тегиялық инвесторларды тарту, өңдеу секторы мен экспорттық әлеуетті дамыту, негізгі азық-тү­лік тауар­лары бойынша ұлттық эко­но­ми­каның жеткілікті болуын қам­тамасыз ету жөніндегі тар­­мақ­­тарға ерекше назар ауда­рылды.