• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Маусым, 2021

Әскерде ұжымдық иммунитет қалыптастырылды

378 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге жаңа әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешенін жеткізу жоспарланғаны жөнінде айтылды.

Әскери оқу орындарын біті­ру рәсімдеріне байланысты, шіл­деде жас офицерлер мен сер­жант­тар әскерде қызмет атқару­ға барады. Қолбасшыларға олар­­дың қызметтік міндеттерге бейім­делуін және әлеуметтік мәсе­лелерін шешуді қарастыруға нұсқау берілді. Қарулы Күштерде COVID-19-ға ұжымдық иммунитет қа­лыптасқанын ескере отырып, жауынгерлік даярлық шарала­ры толық деңгейде өткізілуі тиіс. Бас әскери-медициналық бас­қарманың бастығы жеке құрамның 82 пайызы екпенің екі компонентін алғанын баяндады. Сонымен қатар әлеуметтік қашықтық пен бетперде режімін сақтау өзекті күйінде қалып отыр.Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты өңірлер әкімдіктерінің алдын алу шараларына Қарулы Күш­терді қатыстыру мәселесін қарауды тапсырды. Атап айт­қанда, бұл объектілерді дезин­фек­циялауға, әскери-далалық госпитальдерді ашуға, азамат­тарға көмек көрсету үшін медицина топтарын құруға қатысты. Кеңесте әскерді қайта жарақ­тандыру барысы қаралды. Бү­гінде әуе шабуылына қарсы қор­ғаныс құралдары – басты назарда. 2019-2020 жылдары Қазақстан әскерінің қарулануына Ресейдің «Бук» зениттік-зымыран кешен­дері, Беларусьтің «Роса» радио­локациялық станциялары (РЛС), сондай-ақ еліміздің әуе шептерін қорғауда тұрған отандық «Нұр» РЛС-тары жеткізілді.Жуырда заманауи «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешен­дерін жеткізу жоспарлану­да. «Тор-М2К» кез келген үл­гі­дегі ұшақтар мен тікұшақ­тар­ды, соның ішінде «көрін­бей­­тін» технологиямен жа­сал­ған тікұшақтарды және ұш­қышсыз ұшу аппаратта­рын, жоғары дәлдіктегі қару­ды, радио­лока­цияға қарсы және қа­натты зымырандарды, басқарылатын авиа­циялық бомбаларды анық­тап, жоюға қабілетті.Қазіргі уақытта уәкілетті орган – Индустрия және инфрақұ­рылымдық даму министрлігі жеткізушімен шарттар жасасу үстінде. Қорғаныс министрлігі аталған кешенді әзірлеген зауытта отандық ӘШҚҚ әскерлерінің мамандарын оқытуды жоспарлап отыр.

«Егемен-ақпарат»