• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2021

Атырауда Президент Жарлығымен жаңа әкімшілік сот ашылды

770 рет
көрсетілді

Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұловтың мәліметінше, жаңа сот Президент Жарлығымен құрылды. Бұған елімізде Әкімшілік әділет енгізу себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сот қызметі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен дауларын шешуге бағытталады. Онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді 1 шілдеден бастап қайта аталатын қолданыстағы әкімшілік сот қарайды. Себебі, шілде айында азаматтар мен бизнестің әкімшілік органдармен дауларын шешу тәртібін реттейтін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс күшіне енеді. Жаңа кодекс азаматтардың құқықтарын қорғауды сапалы деңгейге көтеруге бағытталып отыр. Басты мақсат –мемлекеттік органдармен дауласу кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Бұл – еліміздің тәуелсіздік тарихында бұрын кездеспеген өте маңызды сот реформасы», дейді Б.Жұмағұлов.

Жаңа сот заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған. Сот құрамында төраға мен төрт судья бар.