Флоридадағы 12 қабатты тұрғын үйдің құлауынан қаза тапқандар саны 12-ге жетті. Бұл туралы сейсенбіде Майами-Дейд округінің басшысы Даниэль-Левин Кава хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Каваның айтуынша, соңғы ресми мәліметтер бойынша 149 адамның тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр.
Майами (Флорида) маңындағы Сурфсайдтағы көп қабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні құлаған. Жұмыстың бірінші күні үйінділерден 37 адам құтқарылды, бірақ содан кейін тірі қалғандар табылмады.