• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2021

Жылқысын суармақ болған жасөспірім суға батып кетті

868 рет
көрсетілді

Павлодар облысында жылқысын суармақ болған жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы жағдай Баянауыл ауданында болған, деп хабарлады Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусым күні сағат 21:13-те Баянауыл ауданының полициясына ауылдық округ әкімінен жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен. 

«Сағат 21:00-де 2006 жылы туған кәмелетке толмаған бала Жаңатілек ауылынан 5 шақырым жердегі Ащысу өзені маңында сыныптастарымен бірге атқа мініп серуендеп жүргені анықталды. Жылқыға отырған жасөспірім жылқысын суарып алмақ болып, суға кірген. Алайда құлап түсіп, суға батып кеткен. Жылқы жағаға қашып шыққан. Сыныптасы ересектерді көмекке шақырған. Өкінішке қарай, оқиға орнына жеткен әкесі баласына көмек көрсете алмады», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кету керек, жазғы маусым басталғалы Павлодар облысының су айдындарында үш кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.