• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда ашық аттракциондардың жұмысына тыйым салынды

151 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа құжатта жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынатыны айтылған. Мұндай шараларды тек онлайн форматта өтізкуге ғана болады.

Сондай-ақ, саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түріне жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.

«Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру қажет», деп жазылған қаулыда.

Қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.