• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2021

Атырауда 83 мыңнан астам адам вакцина салдырды

257 рет
көрсетілді

Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 83 мыңнан асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпан мен 29 маусым аралығында 83 558 адам «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырған. Вакциналардың II компонентін салдырғандар саны 46 313 адамға жетті.

«Өңірде 29 маусымда 1 697 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін алды. Екпе алғандардың арасында 97 педагог, медицина саласының 66, арнайы мекеменің 32, құқық қорғау органдарының 22 өкілі, 24 мемлекеттік қызметші, 23 студент пен 2 полицей бар. Сондай-ақ созылмалы сырқаты бар 100 адам мен 1 331 тұрғын вакцина салдырды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.