Петропавлда полицейлер 9 жасар баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусым күні кешке полицияға Петропавлда жол-көлік оқиғасы болғандығы жөнінде хабарлама түседі.
Оқыс оқиға Жұмысшы кентінде болған. Пугачев көшесінде велосипед теуіп жүрген 9 жасар баланы «Audi-100» көлігінің жүргізушісі қағып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен.
Ер бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін анықтады.