• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Маусым, 2021

Дәретхана шұңқырына құлап кеткен екі бала мен олардың әжесі көз жұмды

3622 рет
көрсетілді

Абай ауылында екі бала мен олардың әжесі дәретхана шұңқырына құлап, қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 маусым күні республикалық жедел-құтқару жасағына Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Абай ауылындағы көше дәретханасының шұңқырына екі баланың құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына жеке құрамы 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы шықты.

«Шұңқырға бірінші 2020 жылы туған қыз құлап кеткендігі белгілі болды. 2009 жылы туған үлкен ағасы, көмектесуге әрекеттеніп, қарындасын өз бетінше тартып алуға тырысқан. Артынша балалардың әжесі мен әкесі оларды құтқармақ болған. Өкінішке орай, тек әкесі аман қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырған», деп хабарлады ведомствадан.

РЖҚЖ құтқарушылары балаларды және әжелерін шығарды, алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмады.