• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2021

Екі күнде 3 736 адам екпе алды

264 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы коронавирус таралуы жағынан қауіпті «қызыл аймақ» санатында тұр. Өңірде маусымның 28-інен бастап карантиндік шектеу шаралары күшейді.

Коронавирустың алдын алу үшін ең қа­жетті шараның бірі вакцина еке­нін әлемдік тәжі­рибеден анық көріп отырмыз. Сондықтан Батыс Қазақстан облысында да екпе алу ісі жүйелі жол­ға қойылды. Бүгінде өңірде облыс бойынша 66 екпе пункті жұмыс істейді. Ал мүгедектер қатарындағы мүм­кін­дігі шектеулі адамдарды вакциналау үшін арнайы топ олардың үйіне барып, екпе жасап жүр.– Батыс Қазақстан облысында ха­лық­ты коронавирус инфекциясына қарсы ке­зең-кезеңімен вакциналау шарасы 2021 жыл­дың 1 ақпанынан басталды. Вакцина аумақ­тық медициналық ұйымдардың егу пунк­т­терінде, ал арнайы контингентті вакциналау тиісті ведомствоның қызмет орны бо­йынша жүргізіледі. Халық үшін вакцинаны қол­жетімді ету және егу процесін же­­ңілдету мақ­сатында жылжымалы егу пункт­терін, көшпелі егу брига­да­ларын ұйымдастырдық. Бүгінде екпе пункттері барлық ауданда бар, – дейді санитарлық-эпидемиялық бас­қарманың баспасөз хатшысы Әдемі Ғибратқызы.Өңірде соңғы күндері екпе алу ісі қарқын ала түскен. Мәселен, 27 мау­сымдағы мәліметте вакцинаның 1-ком­понентін 90 658 адам, 2-компонентін 59 961 адам алғаны хабарланды. Ал 29 маусымда облыста вакцинаның 1-компонентін алғандардың саны 92 896 адамға, 2-компонентін алғандар 61 459 адамға жеткен. Яғни екі күн ішінде 2 238 адам екпенің алғашқы дозасын алса, 1 498 адам екінші мәрте егіліп, вак­цина төлқұжатына ие болған.

Батыс Қазақстан облысы