• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Шілде, 2021

Қаратөбе ауданына жаңа әкім тағайындалды

1566 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына 49 жастағы Қадыржан Сүйеуғалиев әкім болып тағайындалды. Ол осы жерде туып-өскен, бірнеше ауылдық округ әкімі қызметін атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Қаратөбе аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімі лауазымына Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы тағайындалды» деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қадыржан Сүйеуғалиев 1972 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «агрономия», Еуразия академиясын «экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Жаңа әкім әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің маманы, І-дәрежелі аға маманы, бөлімінің меңгерушісі, Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маман-бөлім меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Осы аудандағы Қаратөбе және Шөптікөл ауылдық округтерінің әкімі болған. 2016 жылдан бері Қаратөбе аудандық мәслихатының хатшысы.